Қазақстанда жаңа өнімдер шығарудың өсімінде оң үрдістер байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жаңа өнімдер шығарудың өсімінде оң үрдістер байқалады

Қазақстанда жаңа өнімдер шығарудың өсімінде оң үрдістер байқалады

Қазақстанда жаңа өнімдер шығарудың өсімінде оң үрдістер байқалады.

  • 4 Шiлде 2011
  • 478
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде «Қуатты Қазақстанды бірге көркейтеміз!» атты индустриялық-инновациялық форумы аясындағы «Қазақстандық қамту-2011» көрмесі аясында мәлім болды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің деректеріне сүйенсек, 2011 жылдың 1 тоқсанының макроэкономикалық көрсеткіштері Қазақстан аумағында кәсіпорындарды оқшаулаудың және ішкі нарықта да, шетелде де сұранысқа ие жаңа өнімдер шығарудың өсуінде оң үрдісі байқалады. Мәселен, тауар, жұмыс, қызмет түрлерін сатып алудың жалпы көлемі 1 584 млрд. теңге құраған. Оның ішінде, отандық жеткізушілерден сатып алу 682,7 млрд. теңге. Ал тауарлар, жұмыстар және қызметтердегі қазақстандық қамту үлесі 43,1 пайыз құрады. Бұл ретте, тауарларды сатып алу 336,29 млрд. теңге сомасына орындалса, соның ішінде қазақстандық тауарлар 33 млрд. теңге сомасын құраған. Жұмыстарды сатып алу 108,5 млрд. теңге сомасына орындалды, соның ішінде жұмыстарды қазақстандық жеткізушілер 74 млрд. теңгеге орындалды. Ондағы қазақстандық жұмыстар үлесі 68,2 пайыз. Ал қызметтер 1139,18 млрд. теңге сомасына орындалды, соның ішінде қазақстандық жеткізушілерден 589,94 млрд. теңге сомасына сатып алынған. Бұндағы қазақстандық қызметтер үлесі 51,79 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар