Қазақстанда жаңа технологиялар қорын құру жоспарлануда, деп хабарлады "Бәйтерек" ұлттық холдингісінің басқарушы директоры Қаныш Төлеушін.
"Біз қазір жаңа технологиялар қорын құру мәселесін қарастырудамыз, бұл қордың мақсаты инвестициялық қызметке бағытталмақ", деді ол жұмада Астанада "Инновациялық онжылдық" деп аталатын форумда сөйлеген кезінде.
Оның айтуынша, техникалық даму жөніндегі ұлттық агенттікпен бірлесіп қор инновациялық жобалар мен венчур қорларына инвестиция құю жұмыстарын жүргізбек.
Оның айтуынша, бұл қордың басты ерекшелігі сол, инвестиция жасау үшін қаржы негізінен алғанда жекеменшік капиталдан жиналмақ.
"Мәселен,мемлекеттік 1 теңгеге 7-10 теңге жеке капитал тартпақпыз", деді ол.
"Бәйтерек"холдингісі өкілінің түсіндіруінше, қор "Назарбаев Университеті", инновациялық технологиялар паркі, Қазақстанның жетекші технологиялық орталықтары мен әлемнің технологиялық орталықтары шеңберінде ірі инновациялық жобаларды жүзеге асыруға және қаржыландыруға бағыттылмақ.