Caravan Logo

Қазақстанда жарты жыл ішінде 318 жасөспірім бас бостандықтарынан айырылған - ҚР Жоғарғы соты

Қазақстанда жарты жыл ішінде 318 жасөспірім бас бостандықтарынан айырылған - ҚР Жоғарғы соты

"Қалған сотталушыларға қатысты балама жаза шаралары кеңінен қолданылған. Олар: шартты түрде соттау, бас бостандығын шектеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, айыппұлдар, тәрбиелік ықпал ету шаралары", - деп атап көрсетті К. Харламов.

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, былтыр президент жарлығымен Астана және Алматы қалаларында ювеналдық соттар құрылған. "2008 жылдың 26 шілдесінде "Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісі жөніндегі арнайы ауданаралық соттардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңы күшіне енді. Онда ювеналдық соттарда қаралатын істер көрсетілген", - делінген хабарламада.