Жарияланды: 300

«Қазақстанда жасалған» деген сөз нағыз сапаның, мықты өндірістің символы болуы тиіс

Өңделген өнімнің экспорты өткен жылы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет 22 млрд. АҚШ долларынан асты.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру бойынша кезекті жалпыұлттық телекөпір барысында мәлім етті. «Біздің еліміз соңғы жылдары индустриялық-инновациялық даму жолына түскенін бәріміз білеміз. Бұл қажеттілік уақыттың талабы еді, яғни біздің өркендеуіміздің келешегі болып табылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылғанын көріп отырмыз. Қазақстан тауарлары заманның барлық талаптарына сай болмаса, біз мына ғаламданудан артта қаламыз. «Қазақстанда жасалған» деген сөз нағыз сапаның, мықты өндірістің символы болуы тиіс», - деп қадап айтты Елбасы. «Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының үш жылы өтті. Сол уақыттың ішінде ғана еліміздің жалпы ішкі өнімі 20 пайызға артты. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 85 пайызға артты. Небәрі 2 жылда біз осындай жетістіктерге жеттік», - деп түйді Президент.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін