Қазақстанда жасанды түсік тастау ауқымы азайып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жасанды түсік тастау ауқымы азайып келеді

Қазақстанда жасанды түсік тастау ауқымы азайып келеді

Қазақстанда 2002-жылы жасанды түсік тастау көрсеткіші бала табу қабілеті бар әрбір 1000 әйелге шаққанда 29 -ды құрады. Ал 2001-жылы бұл көрсеткіш әрбір 1000 әйелге шаққанда 32 болатын ,- деп хабарлайды ҚР статистика жөніндегі Агенттігі.

  • 4 Шiлде 2003
  • 3397
Фото - Caravan.kz

Алайда, жасанды түсік тастау — әйелдер арасындағы өлімнің азаймауына әсер ететін басты себеп ретінде қалып отыр дейді статистика мамандары.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, жасанды түсік тастау құбылысы әсіресе 19-34 жас аралығындағы әйелдер арасында ең көп тіркеліп 75 процентті құрады. Ал 15-18 аралығындағы жасөспірімдер арасында жасанды түсік тастау көрсеткіші 5,5 процентті құрайды.
Әрбір 1000 әйелге шаққанда жасанды түсік тастау Шығыс Қазақстан облысында ең жоғары көрсеткішке жетіп, 44,4 жағдай тіркелсе, Батыс Қазақстанда 42,6, Оңтүстік Қазақстанда 42,2, Ақмола облысында 40,5 , Қарағанды облысында 40,5 болды. .

Соңғы жаңалықтар