Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің профилактикасы жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдайтын қажеттілік пісіп жетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің профилактикасы жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдайтын қажеттілік пісіп жетілді

Қазақстанда жасөспірімдер арасындағы суицидтің профилактикасы жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылдайтын қажеттілік пісіп жетілді

Қазақстанда жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсаушылық жиілеп кетуі себепті ҚР бас прокуратурасы осы жас топтары арасындағы суцидтің алдын алу бойынша мемлекеттік бағдарлама қабылдау қажет деп есептейді, деп бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлайды.

  • 16 Маусым 2011
  • 1765
Фото - Caravan.kz

ҚР бас прокуроры Асхат Даулбаев коллегия өткізіп, оның аясында жасөспірімдер арасындағы суицидтің профилактикасы жөніндегі жұмыс жағдайы талқыланды. Отырыс барысында осы бағаттағы жүргізіліп отырған жұмыс «тым жеткіліксіз» екендігі айтылды.

«Коллегия балалар арасындағы суицидтің профилактикасына арналған мемлекеттік бағдарлама қабылдау керектігін айтып, құзыретті органдар мен қоғам арасында осы бағыттағы жұмысты жандандыру керектіті көрсетілді», — делінген бас прокуратураның бейсенбі күні таратқан баспасөз ақпараттық баянында.

Хабарда айтылғандай, жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың негізгі себебі отбасындағы, мектептегі және достарының ортасындағы қарым-қатынас болып отыр. Бұл ретте өз беттерінше өмірден озған немесе соған әрекеттенген балалардың психологиялық келбеттерін тексергенде, олардың дені психологиялық тұрғыдан сау балалар екендігі анықталған.

Бұл проблеманың ерекше маңыздығын ескере отырып, коллегия мүшелері үкіметке тиісті ұсыныс енгізбекші.

«Жасөспірімдер арасында суцидті насихаттау интернет желісінде еркін жүргізіледі, ал ондай сайттарға кіру тым көп. Сондықтан коллегия байланыс және ақпарат министрлігіне ондай интернет-ресурстардың жұмысына шектеу орнату туралы, белгілі жасқа дейінгі балаларға ондай ресурстарға кіруіне тиым салу және ондай қызметті көрсетуде ерекше тәртіп орнату жөнінде ұсыныс жасады», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Одан басқа ішкі істер министрлігі мен білім және ғылым министрлігінің алдарына тиісті міндеттер қойылып, білікті психологтарды тарту, мектептен тыс уақыттағы жұмысты жандандыру т.б. міндеттерін қойды.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрлігіне аймақтарда мамандандырылған суицидологиялық қызметтерді ашу ұсынылды. Ол дағдарысқа ұшырағандар мен суцидтік мінез танытқандарға көмекке келуі тиіс.

Өз кезегінде облыс прокурорларына мектеп оқушыларынан ақша бопсалау фактілеріне қатысты қозғалған істерді тергеуге қажет барлық шаралар қабылдау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды өзіне-өзі қол жұмсайтын жағдайға дейін жеткізген фактілерге байланысты істерді жеке өздерінің бақылауына алу тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар