Қазақстанда жастардың мейлінше сапалы кәсіптік білім игеруіне жағдай жасау қажет - президент - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жастардың мейлінше сапалы кәсіптік білім игеруіне жағдай жасау қажет - президент

Қазақстанда жастардың мейлінше сапалы кәсіптік білім игеруіне жағдай жасау қажет - президент

Астана. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда жастардың мейлінше сапалы кәсіптік білім игеруіне жағдай жасау қажет. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қостанай облысының Рудный қаласында ашылған халықаралық еңбек форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Тамыз 2008
  • 676
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан жастарының мейлінше сапалы кәсіптік-техникалық білім игеруіне және сол арқылы олардың еңбек нарығына мейлінше лайықты бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл — басты мақсат», -деді Н.Назарбаев.

Дамыған кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі көптеген проблеманы, соның ішінде жастардың еңбек нарығына бейімделу проблемаларын шеше алады, деді президент. «Бүгінде жұмыссыздардың жартысынан астамы ең еңбекке қабілетті 16-34 жас аралығында», — деді мемлекет басшысы.

«Экономика мен кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің дамуы арасындағы алшақтық дайындап шығарылған мамандар саны мен кәсіпкерлік құрылымдардың сұранысы арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуына алып келді. Егер 2007 жылы «қаржы, есеп, аудит және экономика» мамандықтары бойынша жоғары және арнаулы білім игеріп шыққан мамандар 81 мың адамды құраса, оларға деген сұраныс бір мың адам ғана болған. Керісінше, құрылыс мамандықтары бойынша сұраныс 24 мың адамды құрағанына қарамастан, дайындалғандардың саны 8 мың адамнан аспаған», — деді ол.

«Жұмысшы мамандығын игеру — жоғары жалақымен қатар бедел мен тұрақтылық әкеледі дегенді жастар түсінуге тиіс. Жұмысшы мамандығын игергендерге еңбек нарығында сұраныс бар, тәжірибе көрсеткендей, олардың жалақысының деңгейі де жоғары білім игергендерден көп жағдайда жоғары болып жатады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар