Қазақстанда жазғы маусымға дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына қайтадан шектеу қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жазғы маусымға дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына қайтадан шектеу қойылды

Қазақстанда жазғы маусымға дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына қайтадан шектеу қойылды

Қазақстанда дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысынақайтадан шектеу енгізілді, деп ҚР көлік және коммуникация министрлігі (ККМ) баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 21 Шiлде 2011
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Жаз мезгілінің күндізгі және кешкі уақытында Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2007 жылғы 7 наурыздағы №59 бұйрығы және «Өзгерістер мен толықтырулар» 2010 жылғы 7 сәуірдегі №174 бұйрықтар негізінде;

1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалын жүзеге асыратын;
2) төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларға тартылған;
3) тез бұзылатын тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын;
4) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
5) Қазақстан Республикасының күші бар заңнамасымен бекітілген тәртіпте қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
6) қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген учаскелердегі қолданыстағы жамылғы бойынша жол-құрылыс жұмыстарына тартылған тасымалдаушылардың автокөлік құралдарын қоспағанда дара білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына, ауаның температурасы 25ºС жоғары болған жағдайда, күндізгі 10.00нан кешкі сағат 22.00 ге дейінгі уақыт аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жол қозғалысына шектеу қойылады.
Қозғалысты уақытша шектеулердің жыл сайынғы қолданылу мерзімі IV жол-климаттық аумаққа –1 маусымынан бастап 31 тамызды қоса алғандағы 2011 жылға, V жол-климаттық аумаққа –15 мамырынан бастап 15 қыркүйекті қоса алғандағы 2011 жылға белгіленген», — деп көрсетілген ККМ баспасөз қызметінің хабарында.
V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Ақмола облысы
2. Ақтөбе облысы
3. Шығыс Қазақстан облысы
4. Батыс Қазақстан облысы
5. Қарағанды облысы (Қарағанды өңірі)
6. Қостанай облысы
7. Павлодар облысы
8. Солтүстік Қазақстан облысы
V жол-климаттық аумақта орналасқан облыстар тізбесі
1. Алматы облысы
2. Атырау облысы
3. Жамбыл облысы
4. Қарағанды облысы (Жезқазған өңірі)
5. Қызылорда облысы
6. Маңғыстау облысы
7. Оңтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар