Қазақстанда жеке сауда флоты құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жеке сауда флоты құрылады

Қазақстанда жеке сауда флоты құрылады

ҚР көлік және коммуникация министрлігі Қазақстанның дербес сауда флотын құру туралы бастама көтерді. Қазір осындай бағдарлама ҚР үкіметінде талқылануда. Бұл туралы бүгін, 9-қазанда "Мұнай және газ-2003- KIOGE 2003 " атты 11-халықаралық конференцияда ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Юрий Лавриненко хабарлады.

  • 9 Қазан 2003
  • 584
Фото - Caravan.kz

Болжамдық баланс бойынша, 2010-жылы Қазақстанда 88-100 млн. тонна мұнай өндірілетін болады. «Елімізде мұнай өндіру қарқынын ескергенде, бұл көрсеткіштер артығымен орындалуы мүмкін. Болжам бойынша, барлық мұнай көлемінің 10 проценті теңіз арқылы тасымалданатын болады»,- деді вице-министр.

Ю.Лавриненконың айтуынша, «мұнай негізінен Каспий қайраңындағы платформаларда өндірілетіндіктен, оны тасымалдау не теңіздің түбі арқылы тартылған мұнай құбырлары арқылы, не болмаса мұнай тиейтін кемелердің көмегімен жүзеге асырылмақ. Осыған байланысты біз қазір Каспий теңізіне арнап мұнай тасымалдайтын кеме жасау мәселесін қарастырып жатырмыз»,- деді ол.
«Қазіргі таңда Каспийде қатынайтын мұнай тиеуші кемелер әбден тозығы жетіп ескіргендіктен жаңаша тасымалдау міндеттерін шешуге шамасы жетпейді»,- дейді Ю.Лавриннеко.
Оның айтуынша, «Каспий теңізінде қолдануға болатын мұнай тиеуші кеме түрін таңдау бағытында «Қазақтеңізфлоты » ұлттық теңіз» компаниясымен бірлесе жүргізген зерттеулер нәтижесінде қазіргі қолданыстағы айлақтардың қуаты мұнай сыйымдылығы 14 мың тоннадан артық кемелерді пайдалануға мүмкіндік бермейтіндігін айқындап берді»,- дейді министрдің орынбасары.
Танкерлік флот көмегімен теңіз арқылы мұнай тасымалдау Ақтау-Баку, Ақтау-Махачкала және Ақтау-Нека бағытында жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар