Қазақстанда жер заңнамасы талаптарын сақтамайтын ыждағатсыз жер пайдаланушылардың тізімі жасалады
![]() |
Қазақстанда жер заңнамасы талаптарын сақтамайтын ыждағатсыз жер пайдаланушылардың тізімі жасалады. |
Бұл туралы бүгін Парламентте өткен Үкімет сағатында ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы Қадырхан Отаров мәлім етті.
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімді пайдалану мәселелерін реттеу мақсатында қазіргі уақытта агенттік ережесіне норма енгізілді. Аталған нормада жергілікті атқарушы органмен жалға алу келісімшартын жасасып, бірақ оның талаптарын жер пайдаланушы орындамаған жағдайда біртараптан сотсыз бұзу көзделген», - деді ол.
Сонымен қатар агенттік басшысының атап өтуінше, жер пайдаланушының заңнаманы сақтау өңір әкімдерінің рейтингіне де әсер ететін болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін