Қазақстанда жетім балалар үйлері болмауы керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жетім балалар үйлері болмауы керек

Қазақстанда жетім балалар үйлері болмауы керек

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Самал» балалар сауықтыру лагерінде «Қуан, сәби!» акциясы өтті. Бұл шараға облыстағы алты балалар үйінің тәрбиеленушілері мен бала асырап алғысы келетін отбасылар қатысты.

  • 7 Шiлде 2011
  • 604
Фото - Caravan.kz

«Біз мұндай шараны осымен үшінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз және нәтижелер жаман емес. Өткен жылғы акцияның қорытындысы бойынша 14 бала патронаттық тәрбиеге берілді», — дейді Оңтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілі Әлия Биболова.

Департаменттің ақпараты бойынша, облыстағы 6 балалар үйінде 509 бала тәрбиеленуде. Оған қоса, 2 352 бала туған-туыстарының қамқорында болса, тағы 455 бала — патронаттық тәрбиеде.

«Бұл акцияның мақсаты — ата-аналар мен балаларға бейресми жағдайда танысуға, сөйлесуге, ортақ пікірлес болуға мүмкіндік беру», дейді тәжірибелі педагог Екатерина Жукова.

Соңғы жаңалықтар