«Біз мұндай шараны осымен үшінші жыл қатарынан өткізіп отырмыз және нәтижелер жаман емес. Өткен жылғы акцияның қорытындысы бойынша 14 бала патронаттық тәрбиеге берілді», — дейді Оңтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің өкілі Әлия Биболова.
Департаменттің ақпараты бойынша, облыстағы 6 балалар үйінде 509 бала тәрбиеленуде. Оған қоса, 2 352 бала туған-туыстарының қамқорында болса, тағы 455 бала — патронаттық тәрбиеде.
«Бұл акцияның мақсаты — ата-аналар мен балаларға бейресми жағдайда танысуға, сөйлесуге, ортақ пікірлес болуға мүмкіндік беру», дейді тәжірибелі педагог Екатерина Жукова.