Қазақстанда "Жібек жолы" жарысы кезінде голланд жүк көлігі өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда "Жібек жолы" жарысы кезінде голланд жүк көлігі өртеніп кетті

Қазақстанда "Жібек жолы" жарысы кезінде голланд жүк көлігі өртеніп кетті

Голланд пилоты Мартин ван ден Бринктің жүк көлігі жолда өртеніп кетті, деп хабарлайды "Жібек жолы" раллиінің сайты.

  • 11 Шiлде 2017
  • 212
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, қатысушылар Қазақстанға кеше келген болатын, алғашқы бекеттері Қостанай қаласы еді.

Жібек жолы раллиі

"Мартин ван ден Бринктің жүк көлігі өртенді! Өрт сөндірілді, экипаж зардап шеккен жоқ, бірақ голланд командасының жеңіске жетуге деген үміті барған сайын азайып барады…", — делінген хабарламада.

Әлемдегі ең ұзын раллидің жалпы қашықтығы 9068 км, ол 7 шілдеде Мәскеуден басталып, 22 шілдеде Сиан қаласында (Қытай) мәресіне жетеді.


Қазақстанның учаскесін ралли қатысушылары 10-13 шілдеде жүріп өтпек. Раллиге әлемнің 40 елінің спортшысы қатысады.