Қазақстанда жоғары жалақыны кімдер алады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жоғары жалақыны кімдер алады

Қазақстанда жоғары жалақыны кімдер алады

Қазір еліміздегі қалыпты орташа жалақы 163 604 теңгені құрап отыр.

  • 17 Шiлде 2018
  • 108
Фото - Caravan.kz

Мамандық таңдағанда адамдар кейін жұмыстың қаншалықты табыс әкелетіні жайлы ойланады. Жұмыс рухани ғана емес, материалдық тұрғыдан да адамға ұнауы тиіс. Today.kz Қазақстанда кім табысты көп табатынын, кім аз жалақыға өмір сүретінін анықтап көрді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебіне сәйкес, қазір еліміздегі қалыпты орташа жалақы 163 604 теңгені құрап отыр. 

Жалақысы ең көп жұмыс – тау-кен өндірісі. Бұл саладағы орташа жалақы 366 187 теңге. Energyprom.kz сайтының мәліметінше, тау-кен өндірісіндегі ең көп табыс 700 мыңнан асады екен. Екінші орында сақтандыру мен қаржы саласының мамандары. Олардың орташа айлығы – 298 974 теңге. Ғылыми және техникалық салада жұмыс істейтін мамандар 255 113 теңге алады. Байланыс және ақпарат саласының мамандары (217 869 теңге), көлік және қаттау (206 092 теңге), құрылыс саласының қызметкерлері (201 392 теңге) де жақсы айлық алады. 

Ауыл шаруашылық саласының мамандары орта есеппен 80 049 теңге алады. Білім бөлімінде жұмыс істейтін мамандар 95 484 теңге, денсаулық сақтау және медицина саласында нанын тауып жеп жүргендер 101 769 теңге табады. 


Демек табысты көп табатындар мұнайшылар мен қаржыгерлер деген қорытындыға келеміз. Қаржылай жағынан жоғары бағаланатындар ішінде IT-саласының мамандары да бар. 

Ал аз жалақы алатын мамандар ішіне дәрігерлер, мұғалімдер мен фермерлер кіреді.