Оған қоса, 2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап бірқатар пойыздардың нөмірі өзгерді:
“Алматы-2-Астана” №1/2 –ден №701/702;
“Алматы-2-Петропавл” №701-702-ден №705/706-ға;
“Астана –Шымкент” №79/80 пойызы №707/708 болып өзгерді.
Есте сақтауға қажетті ақпараттың бірі №3/4 “Алматы-2-Астана” (2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап) №11/12 “Алматы- 2-Шымкент” пойызы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап) отандық “Тұлпар-Тальго” зауытынан шыққан жаңа модельді вагондармен қамтылады.
Жолаушылардың сұранысын ескере келіп, Астана мен Алматы бағдарына тәулігіне үш жүрдек пойыздары (№3/4, №701/702, №705/706) соңғы үлгідегі “Тұлпар-Тальго” вагондарымен қатынайды.
“ҚТЖ” ҰК” АҚ жолаушыларға сапарға шығарда пойыздардың жүру кестестін анықтап алуы керек. Ол үшін вокзалдың анықтама бюросындағы 105 бірыңғай анықтама қызметі телефонына хабарласуға болады.