Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр

Қазақстанда жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр

[wpcode id="1694287"] 2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін ҚР-ның Заңы қабылд

  • 1 Шiлде 2017
  • 329
Фото - Caravan.kz


2016 жылы теміржол жолаушылар тасымалын мемлекеттік субсидиялау механизмін өзгертуді көздейтін ҚР-ның Заңы қабылданып, жолаушылар вагондары паркін жаңартуға инвестициялар тартуға заңнамалық негіз пайда болды, деп хабарлады 24.кз

Жаңа шарттар бойынша жасасқан қаржыландыру келісімшарттарына сәйкес ағымдағы жылдан бастап тасымалдаушылармен әлеуметтік маңызы бар бағыттарға жаңа жолаушылар вагондарын деңгейлі сатып алу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтқанда, Қызылорда-Петропавл бағытындағы пойыз құрамы 56%-ға немесе 13 ресейлік плацкарт вагондарымен жаңартылды. Сонымен қатар Қостанай-Арқалық және Қостанай-Қарағанды бағыттарындағы пойыздар құрамында жүріп тұратын жолаушылар вагондары паркінің 50%-ы немесе 12 бірлігі жаңартылды. Жаңа вагондар қадағалау, диагностика және вагонды басқару жүйесімен, ауа салқындатқышпен, вакуумдық био дәретханалармен, өрт сөндіру жүйесімен, тоңазытқыш және микротолқынды пешпен жабдықталған. Сонымен қатар жолаушылардың ыңғайлылығы үшін жеке электр қуаттағыш көздері қарастырылған. Жолаушылар вагондарын кезеңді жаңарту шаралары алдағы жылдары жалғасатын болады. Бұл өз кезегінде қазақстандық жолаушы вагондары паркінің тозу деңгейін төмендетуге және халыққа теміржол көлігімен қолайлы жүріп-тұруына мүмкіндік береді.