Қазақстанда ЖОО ректорларының консорциумы құрылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ЖОО ректорларының консорциумы құрылады

Қазақстанда ЖОО ректорларының консорциумы құрылады

Қазақстанда жоғарғы оқу орындары ректорларының консорциумы құрылады, деп ҚМЭБИ президенті Чан Цан Бэнг мәлім етті.

  • 21 Қараша 2012
  • 422
Фото - Caravan.kz

«Консорциум құрудағы мақсат -ректорлар арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы, Қазақстандағы ЖОО тұрақты дамып, Болон процесінің талаптарын енгізуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуіне мүмкіндік жасау», — деді ол сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, консорциум «жоғарғы білім беру саласындағы саясатты жетілдіру мақсатында» Білім және ғылым министрлігімен тығыз байланыс орнатпақ.
Қазіргі таңда консорциумға Қазақ гуманитарлық заң университеті, ҚМЭБИ, Алматы экономика және статистика академиясы мен Қазақтың қаржы-экономикалық академиясы кірген.
Қазақ гуманитарлық заң университеті ректоры Мақсұт Нәрікбаевтың айтуынша, тағы үш оқу орны аталған бірлестікке мүше болуға ниет білдіріп отыр.
Олар: Алматы гуманитарлық-техникалық университеті, «Астана» медицина университеті мен Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті.
Сонымен қатар, Қазақ ұлттық медицина университеті және Назарбаев университеті басшылығымен келіссөздер жүріп жатыр.