Жарияланды: 490

Қазақстанда жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы жүзеге асырылады

Қазақстан үкіметі дүйсенбі күні селекторлық кеңесінде «Жұмыспен қамту бағдарламасы - 2020» бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен, үкіметтің қолдауымен әзірленген жұмыспен қамту бағдарламасы шілде айында жүзеге асырыла бастайды», - деп мәлім етті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова дүйсенбі күні кеңесте. Еңбек министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл бағдарламамен 2015 жылы 1,5 млн қазақстандық қамтылады. Ол уақытта кедейшілік деңгейі 6%-ға дейін төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 5,5%-дан аспайтын болады. «Үстіміздегі жылы жұмыспен қамту бағдарламасын пилоттық режимде жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінді. 100 мыңнан аса адамды мемлекеттік қолдау шараларымен қамту жоспарланған», - деді министр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін