«Елімізде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі меморандумдар мен келісімдерге қол қою тәжірибесі белең алды. Жыл басынан бері құны 43 млрд теңгенің 2410 астам меморандумына қол қойылды», — деді Б. Сапарбаев.
Министрдің мәліметінше, барлық меморандумдардың 873-і Ақмола облысының үлесіне тисе, Алматы облысында — 85, Ақтөбе облысында — 27, Атырау облысында — 67, ШҚО — 574, Жамбыл облысында — 48, БҚО — 16, Қарағанды облысында — 3, Қызылорда облысында — 7, Қостанай облысында — 369, Маңғыстау облысында — 11, Павлодар облысында — 56, СҚО — 46, ОҚО — 196 жетті. Сонымен бірге 31 меморандумға Астанада, Алматыда бір меморандуға қол қойылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті