Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты шетел азаматтары жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты шетел азаматтары жасаған

Қазақстанда жыл басынан бері 700-ден астам қылмысты шетел азаматтары жасаған

ҚР Бас прокуратурасы көші-қон саласындағы жағдайға алаңдаулы.

  • 22 Маусым 2011
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет қабылдап отырған шараларға қарамастан, көші-қон саласындағы жағдай күрделі», — делінген Бас прокуратураның қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша таратылған бүгінгі хабарламасында.

Хабарламаға сәйкес, Қазақстанға көші-қон ағыны жыл сайын артуда. «Мәселен, Биылғы жылдың 5 айы ішінде көші-қон полициясы органдарына 430 мыңнан астам шетел азаматы тіркелді, ал 2010 жылы осы кезеңде тіркелгендер саны — 390 мыңға жуық», — делінген хабарламада.
Прокуратура органдары Қазақстанда шетел азаматтарының заңсыз жүріп-тұруына қатысты көптеген фактіні анықтауда.
Атап айтқанда, Алматы қаласы, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жеке басының шаруасымен келгеніне қарамастан, жұмыс істеп жүрген 400-ге жуық шетел азаматы анықталған.
Заңсыз көші-қонның кері ықпалы мемлекеттің әлеуметтік мәселеден бастап, қылмыстық жағдайға дейінгі барлық өмір саласын қамтиды. Биылғы жылдың бес айы ішінде ғана шетел азаматтары 726 қылмысқа және 60 мыңға жуық әкімшілік заң бұзұшылыққа барған.
Бас прокуратура 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін түрлі қылмыс жасаған 338 шетел азаматын экстрадициялады.
Ел аумағынан шеттету және елге келуге тыйым салу туралы сот шешімдері шығарылғанын тұлғалардың қазақстандық шекарадан кедергісіз өту фактілері көп екені анықталды.
Осы орайда үйлестіру кеңесі өз отырысында осы санаттағы шетел азаматтарына қатысты көші-қон бақылауын күшейтуге құзырлы орган назарын аудартты.
Мұнымен қоса, шетел азаматтарының ел аумағынан шеттету туралы сот шешімдерін орындаудан бас тарту мәселесі өзекті болып тұр.
Үйлестіру кеңесі ел аумағында шетелдіктердің жүріп-тұруына бақылауды күшейту бойынша бірқатар жедел шаралар қабылдауды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар