Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар - Кәрім Мәсімов

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- Қазақстанда жылдың қорытындысы бойынша инфляция деңгейін 10-проценттік деңгейден асырмауға нақты мүмкіндік бар. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 1 Желтоқсан 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Қазір бізде мемлекет басшысының инфляция деңгейін 10% деңгейден асырмау жөніндегі тапсырмасын орындауға нақты мүмкіндік бар», — деді Кәрім Мәсімов.

«Бұл жерде мен жанар-жағармайдың бағасын арзандату мәселесімен айналысқан еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевқа, азық-түлік өнімдерінің бағасын арзандатумен айналысқан индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке және облыстардың әкімдеріне ризашылық білдіргім келеді. Сіздер жүргізген жұмыстар өз нәтижесін беріп, қарашада инфляция 0,4% құрады, бұрын-соңды ондай болған емес», — деді үкімет басшысы.

Бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ҚР Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешінбаева Қазақстанда қараша айында инфляция деңгейі 0,4% және 11 айда 9,2% құрады деп мәлімдеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар