Қазақстанда жылқыларға GPS-чип орнатылатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жылқыларға GPS-чип орнатылатын болды

Қазақстанда жылқыларға GPS-чип орнатылатын болды

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тыйылмай тұрған мал ұрлығын алдын алудың тың әдісі ойлап табылды,

  • 16 Қазан 2015
  • 841
Фото - Caravan.kz


деп хабарлайды today.kzБұдан былай елімізде жылқыларға арнайы GPS-чиптер орнату жоспарланып отыр. Бұл жаңалықты журналистерге Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарының бірінің ІІБ басшысы мәлім етті. 

Арнайы чип жылқының терісінің астына көзге көрінбестей етіп орнатылмақ. Яғни бұл технологияның арқасында мал ұрлаған барымташылардың ізіне түсу құқық қорғау органдарына еш қиындық тудырмайды. 
"Оның үстіне, қылмыскер жылқы терісінің астында чиптің жасырылғанын білмейтін болады. Егер малды біреу айдап әкетсе, біз жылқының қазір қайда, қай бағытқа оны алып кеткенін әрдайым біліп отырамыз. Тіпті қылмыскерлер атты сойып, етін бөлшектеп тастаса да, жылқының қай уақытта ұрланғанын және қайда әкеткенін білу қиын емес. Инвестор тауып та қойдық, сол себепті аталған жұмыс таяу арада басталады", — деп мәлім етті аудандық ІІБ басшысы. 
Бастапқыда полицейлер чипті 50 жылқыға енгізбек. Осыған байланысты ауданда дайындық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Әзірге учаскелік полицейлер фермалардағы мал ұрлығына, бұған дейін жасалған қылмыстарға талдау жасап, барымташылар жиі бой көрсететін аудандарды анықтауда. 
"Бір жылқыға чип орнату үшін шамамен 40 мың теңге жұмсалады. Келешекте бұл шара қылмыстың азаюына септігін тигізеді деген үміттеміз", — деп атап өтті ІІБ өкілі. 

Соңғы жаңалықтар