"Қазақстандағы №1 сексологпын": Әнел сексолог болуға итермелеген басынан өткен келеңсіз жайт туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандағы №1 сексологпын": Әнел сексолог болуға итермелеген басынан өткен келеңсіз жайт туралы айтты

"Қазақстандағы №1 сексологпын": Әнел сексолог болуға итермелеген басынан өткен келеңсіз жайт туралы айтты

Хиджабтағы сексолог Анель Нұржаубаева күйеуге шыққан кездегі интимдік қатынастан қанағаттанбай, осы бағытта арнайы дәріс алғанын ашып айтты. Қазір өзі бірнеше жылдан бері осы бағытта түрлі ақылы курстар өткізіп, кеңес беріп жүр. 

  • 29 Наурыз 2022
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Ал сексолог болуға өз басынан өткен келеңсіз оқиға себеп болыпты. 

"2012 жылы күйеуге шыққаннан кейін оргазм ала алмайтынымды сезіндім…

Оған дейін оргазм туралы оқығанда, бір космосқа ұшып кететіндей сезім деген ой болды. Ал, енді сол оргазмды аламын деп күтіп жүргенімде ештеңе де шықпады. Болмады.
Күйеуіммен уақыт өте келе диалог құрылды:
⁃ Сен оргазм алып жүрсің ба?
⁃ Жоқ.

Мен проблеманың бар екенін жасырмай айттым. Ал, мен өмірде жылдам шешім қабылдайтын адаммын. 1 айдың ішінде осы мәселені түсіндіретін, оның шешу жолдарын білетін мастер классқа бардым. Сол жылдары мен бухгалтер болып жұмыс істедім. Жұмыстан 18:00 шықтым, ал тренинг 19:00 басталды. Мен үлгеріп бардым.

"Вибратор еркекпен табиғи болатын секстан артық ләззат беруі мүмкін": Хиджабтағы сексолог ашық сұхбат берді 

Ол тренингте:
⁃ Әлсіз бұлшық еттер, онымен қалай жаттығу жасау керектігі
⁃ Кегель жаттығуы
⁃ Қынапқа арналған тренажерлар
⁃ Сексуалды энергия
⁃ Төсектен оргазм алу туралы айтылды.

Тренинг соңында «Вумбилдинг» курсына қатысуға орын ашты. Мен ойланбай қатысамын деп шештім. Себебі, менің нақты проблемамды шешетін курс болды. Ал, проблемалардан қашпай, оны жылдам шешу менің өмірлік ұстанымдарымның бірі. 2 күндік курс бағасы 50.000 теңге болды. Ал, бұл баға 2012 жылы үлкен сумма еді.

Курстан кейін интимдік бұлшық еттерімнің бар екенін сезініп, оргазм алу үшін өзіме көңіл бөлу керек екенін түсіндім.

Оргазм алу тұрмысқа шығып, төсек қатынасымен айналыссаң бола салатын дүние емесін түсініп, мен өз өзіммен физиологиялық-психологиялық жұмыс жасадым.

Ал қазір Қазақстандағы №1 сексологпын. 6 жыл бойы осы салада жүрмін. Ақылы және тегін сабақтарыма 5000+ оқушы қатысты. Нәтижелерін отзывы актуалкадан көрсеңіз болады.

Бүгін мен өзімнің «Ұят емес» курсыма продажа ашамын", деп жазды желідегі парақшасында. 

"Неге ол күйеуіңізден ажырастыңыз", Курстың құны қанша", "Сіздің курстарыңыз от қой, эйфорияда жүресің, рахмет Анел ханым. Сіздің сабағыңызға қатысып керемет нәтиже болып жатыр", "Курс бағасын білсем бола ма", "ажырасуға оргазм мәселесі себеп болды ма" деген сауалдар қойып,  қызығушылық танытты.

Әнелдің курсына қатысқысы келетіндер аз емес екенін аңғаруға болады.