Айталық, 2004-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп өнімдерінің көлемі ағымдағы бағалар бойынша 3,73 трлн. теңгені құрады, бұл 2003-жылғыдан 10,1 процентке артық. Өнім мөлшерінің ең жоғарғы өсімі тау-кен өнеркәсібінде тіркеліп, 12,7 процентті құрады.
Ағымдағы бағаларға сәйкес, ауылшаруашылығындағы жалпы өнім мөлшері 0,1 процентке артып, 693,3 млрд. теңгеге жетті.
2004-жылдың қаңтар-желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1,5 трлн. теңгеден артып, 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 10,6 процентке өсті.
ҚР кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, 2004-жылы еліміздің сыртқы сауда айналымы 29,54 млрд. долларды құрап, 2003-жыл көрсеткішімен салыстырғанда 55 процентке өсті. Соның ішінде экспорт 54 процентке (18 млрд. доллар), импорт — 55 процентке (11,5 млрд. доллар) өсті.
ҚР қаржы министрлігінің шұғыл мәліметтеріне сәйкес, 2004-жылғы 1-желтоқсанда мемлекеттік бюджет түсімдері 1,18 трлн. теңге болды. Бұл 2003-жылғы 1-желтоқсандағы көрсеткіштен 28,5 процент артық. Ал мемлекеттік бюджет шығындары мен несиелерінің көлемі 1,17 трлн. теңгеге жетіп, 23 процентке артты.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша, екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасы салаларына таратқан несиелері 2004-жылғы 1-желтоқсанда 1,5 трлн. теңге болды. Соның ішінде ұлттық валютамен берілген несиелердің үлес салмағы 55,4 процентті құрады.