Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйелді не себепті қызметінен босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 511.92
  • 588.91
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйелді не себепті қызметінен босатты

Қазақстандағы алғашқы ұшқыш әйелді не себепті қызметінен босатты

Қазақстанның азаматтық авиация комитетінің басшысы Тоты Әмірованың атына қоластындағы бірнеше қызметкерден шағым түсті.

  • 12 Маусым 2019
  • 93
Фото - Caravan.kz

Содан кейін ресми тергеуді бастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Министрлікте жұмыс істеген уақытында комитетке Тоты Әмірованың заңсыз әрекеті мен этикаға жатпайтын сөзі үшін қоластындағылардан, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы субъектілер мен ұйымдардан шағымдар түсті", — делінген Азаматтық авиация комитетінің мәлімдемесінде.

Тәртіптік тергеуге сәйкес, Әмірова белгілі бір тұлғаның өтініші бойынша ұшақты кешіктіру туралы шешім қабылдаған.

"Әмірованың іс-әрекеті азаматтық қызметке нұқсан келтіріп ұшуды заңсыз кешіктіруді білдірді", — делінген хабарламада.


Тәртіптік комиссияның ұсынысы бойынша Тоты Әмірованы лауазымынан босату түрінде ("Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" бабына сәйкес) жаза алды.

Комитет ұшуды заңсыз кешіктіретін қызметкерлердің Қазақстан заңдарына сәйкес жазаланатындығын түсіндірді.