Қазақстандағы аптап ыстықтың арты жауын-шашынға ұласады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы аптап ыстықтың арты жауын-шашынға ұласады

Қазақстандағы аптап ыстықтың арты жауын-шашынға ұласады

Қазақстанда аптап ыстық жауын-шашынға ауысады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

  • 13 Маусым 2016
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Өткен аптада республиканың шығыс бөлігіне Иран жақтан ыстық әрі өте құрғақ ауаның ығысуынан аптап ыстық болды. Батыс бөлігінде еуропалық Ресейдің солтүстік-батыс аудандарынан салқын әрі ылғалды ауа келіп, сонымен бірге жаңбыр жиі жауып, ауаның температурасы әдеттегіден 2-4 градус төмен болды. Алдағы үш тәулікте атмосфералық процестердің ауысуы күтіліп отыр. Батыс Сібір аудандарынан ылғалды әрі салқын ауа массалары келіп жетеді. Сонымен бірге республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, кейбір жерлерде бұршақ түсіп, ауаның температурасы төмендейтіні күтіліп отыр», — делінген хабарламада.

Қазақстан республиканың батысында жауын-шашынсыз күн райы күтіліп, ауаның температурасы 33-41 градусқа дейін көтеріледі.