Қазақстандағы АҚШ елшілігі виза беру қызметін курьерлердің көмегімен көрсетпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АҚШ елшілігі виза беру қызметін курьерлердің көмегімен көрсетпекші

Қазақстандағы АҚШ елшілігі виза беру қызметін курьерлердің көмегімен көрсетпекші

Астана. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Алматыдағы консулдығы 17 қыркүйектен бастап виза беру қызметін курьерлердің көмегімен көрсетілетінін мәлім етеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі елшілікке сілтеме жасап.

  • 17 Қыркүйек 2008
  • 534
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, визаға құжат тапсыру процессіне өзгерістер енгізілді. «Бүкіл Қазақстан бойынша жұмыс істейтін 24 DHL Express курьерлік қызметінің 24 кеңсесі иммиграциялық емес визаға өткізілетін құжаттарды қабылдайтын болады. Виза қойылған төлқұжаттар виза алуға үміткер көрсеткен мекен-жайға жеткізіледі, бұл елшілікке қайта келу қажеттігін жояды», -делінген елшілік хабарламасында.

«Мұндай жүйе виза алушының елшілікте өткізетін уақытын азайтып, бізге АҚШ визасын алуға қажетті уақытты мейлінше қысқартуға көмектеседі. Сонымен бірге, визаға электрондық өтініш толтыруда және консулмен кеңес мерзімін белгілеуде көмек қажет болатын адамдар енді мұндай жәрдемді Астана мен Алматыдағы DHL бас кеңсесінен сұрай алады», -делінген хабарламада.

Жаңа қызмет құны Қазақстан өңіріне байланысты екі жағына бірдей 2600 — 5020 теңге болмақ.

«Жаңалықты енгізудегі мақсат — виза беру қызметін мейлінше жылдам әрі жайлы көрсету», -делінген баспасөз баянында.

Елшіліктің ақпаратына сәйкес, жыл сайын Қазақстанның 16 мыңнан астам азаматы АҚШ-қа іскерлік, туристік мақсатта, немесе, студент немесе алмастық бағдарламаның қатысушысы ретінде келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар