Қазақстандағы АҚШ елшілігін Джон Ордвей басқаратын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АҚШ елшілігін Джон Ордвей басқаратын болды

Қазақстандағы АҚШ елшілігін Джон Ордвей басқаратын болды

2-қыркүйек, бейсенбіде Қазақстандағы АҚШ елшілігін басқаратын елші Джон Ордвей Алматыға келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Қыркүйек 2004
  • 437
Фото - Caravan.kz

Елшіліктің хабарлауынша, Дж.Ордвей Кеңес одағы мен Ресейге қатысты мәселелер, Еуропадағы қауіпсіздік, түрлі шиеленістерді шешу және бітімгершілік шаралар бойынша үлкен тәжірибе жинақтаған елші.

1975-жылдан бері елшілік қызметте жүрген Дж.Ордвей түрлі жылдарда АҚШ-тың Прага және Мәскеудегі елшіліктерін, Брюссельдегі Солтүстік Атлантикалық альянстағы АҚШ миссиясын басқарған. 2001-жылдың қарашасы мен 2004-жылдың маусым айлары аралығында Дж.Ордвей АҚШ-тың Армениядағы елшісі болды.
АҚШ-тың еліміздегі жаңа елшісі 2004-жылдың қыркүйек айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сенімхатын тапсырады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта