Елші парламентте қазір қаралып жатқан экстремистік іс-әрекеттермен күрес жөніндегі заң жобасына ерекше қызығушылық танытты. Елші бірқатар халықаралық ұйымдардың сарапшыларына, соның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына жобаны жолдауға қолдау көрсетуге ниет білдірді. Джон Ордвэйдің пікірінше, бұл құжаттың халықаралық стандарттарға, Қазақстанның осы салада жүктеп алған міндеттемелеріне мейлінше сәйкес келу мүмкіндігін ескеруге жағдай жасайды.
Ынтымақтастыққа әзірлік танытқан мәжіліс төрағасы Қазақстанның халықаралық лаңкестік және экстремизм құбылыстарымен күрес жолынан ешқашан ауытқымайтынын атап өтті. «Біздің халқымыз Сталиндік нәубеттің ащы сабағын жадынан шығармайды»,- деді О.Мұхамеджанов. Парламентшілер барлық заңнамалық бастамаларға асқан мұқияттықпен қарап, халықаралық лаңкестік және экстремизм құбылыстарымен күреске қатысы бар заң жобаларын қарауда тиянақтылық танытады, деді ол.
«Біздің мақсатымыз ортақ- ол — бейбітшілікке төнген қауіп-қатердің алдын алу. Бұл істен Қазақстанның да тысқары қалмайтыны түсінікті жайт. Жалпыға ортақ істе халық даналығы айтқандай, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн»,- деді елші. Өз кезегінде мәжіліс төрағасы «еліміз парламенті ынтымақтастыққа қашан да дайын»,- деп сендірді.