Қазақстандағы АҚШ елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына барады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АҚШ елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына барады

Қазақстандағы АҚШ елшісі Оңтүстік Қазақстан облысына барады

АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвей үш күндік сапармен Оңтүстік Қазақстан облысына бармақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Ақпан 2005
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 14-ақпанда Дж.Ордвей облыс басшылығымен кездеседі. Сондай-ақ, бұл күні

елші ғылыми-техникалық кітапхананың Оңтүстік Қазақстан облыстық бөлімшесінде болып, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің қаржысы есебінен осында жабдықталған АҚШ-қа арналған бұрышты аралап көреді. Сол күні саяси партиялардың өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу, көбінесе оралмандар тұратын «Сәуле» ықшам ауданын аралау көзделген. Елші бұл күні кешке осы өңірде тұратын АҚШ азаматтарымен және Бейбітшілік корпусының еріктілерімен де кездеседі.
Бейсенбіде елші Шымкенттегі №8 мектеп-гимназияда болып, Шымкент қаласының әкімімен жүздеседі. Сонымен бірге Дж.Ордвей діни бірлестіктердің өкілдерімен өткізілетін дөңгелек үстелге қатысып, Әйелдердің ресурстық орталығын аралайды.
Бұдан кейін елші Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болып, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелерімен кездеседі.

Перейти к новостям спорта