Қазақстандағы АҚШ елшісі жаңа президент сайланған соң өз елінің сыртқы саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды деген сенімде - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы АҚШ елшісі жаңа президент сайланған соң өз елінің сыртқы саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды деген сенімде

Қазақстандағы АҚШ елшісі жаңа президент сайланған соң өз елінің сыртқы саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды деген сенімде

Астана. 5 қараша. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугланд жаңа президент сайланған соң өз елінің сыртқы саясаты айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды деген сенімде. Ол бүгін журналистерге берген сұхбатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 5 Қараша 2008
  • 518
Фото - Caravan.kz

«Дәл қазір біз кім президенттікке сайланатынын, сенатор Маккейн бе, әлде, сенатор Обама ма, ол жағын білмейміз, қалай болғанда да кім сайланса да саясатта айтарлықтай өзгеріс болады деп ойламаймын», — деді Р. Хоугланд.

«Мен дипломат ретінде көптеген президенттің тұсында жұмыс істедім, Рональд Рейганнан бастап бұлар қос саяси партияның өкілдері болды. Жаңа әкімшілік келген кезде әлдебір жайттар өзгеріп, қандайбір тарихи оқиға болады, бірақ сыртқы саясаттағы принциптер өзгеріссіз қала береді», — деді ол.

Елші Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас тұрақты екенін атап өтті. «екі ел арасында жақсы ынтымақтастық бар, менің мақсатым — осындай қарым-қатынасты нығайта түсу», — деді ол.

«Қазақстан мені жақсы экономикалық дамуға қол жеткізген, орта таптың дамуын тұрақты қолдайтын, ірі көлемде шетел инвестициясын тарта алған ел ретінде қызықтырады», — деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар