Қазақстандағы әскери қызмет беделді, құрметті әрі тартымды, жоғары жалақылы болуы тиіс - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы әскери қызмет беделді, құрметті әрі тартымды,  жоғары жалақылы болуы тиіс - ҚР үкімет басшысы

Қазақстандағы әскери қызмет беделді, құрметті әрі тартымды, жоғары жалақылы болуы тиіс - ҚР үкімет басшысы

Бүгін, 11-наурызда премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен Үкіметте өткен кеңесте Қазақстан Қарулы Күштерін келісімшарт негізінде жасақтауға біртіндеп көшу мәселесі талқыланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Наурыз 2004
  • 700
Фото - Caravan.kz

Қорғаныс министрлігі жасап шығарған Әскерді одан әрі кәсібилендіру тұжырымдамасы үкімет басшысы тарапынан сынға ұшырады. Штаб басшыларының комитеті сәуір айында ұсынылып отырған бағдарламалық құжаттың теориялық негіздемесімен қоса жаңалықтардың әрбір тармағы бойынша нақты экономикалық негіздемесін де үкіметтің қарауына ұсынуы керек.

Кеңес барысында Д.Ахметов әскерилердің назарын әзірленіп жатқан Тұжырымдаманың мемлекет басшысы, жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың талаптарына сай болуы және оның жоғары армиялық кәсібилікке, жинақылыққа және Отан қорғау жолындағы міндеттерді орындауға әрқашан дайын болуға бағытталуы керектігіне аударды.
«Қазіргі әскери қызмет бұрынғыдай борыш өтеуге ғана бағытталған қарабайыр міндетті еске салмай, беделді, құрметті әрі тартымды, сондай-ақ, жоғары жалақылы болуы қажет», — деп атап көрсетті өз сөзінде Д.Ахметов. Үкімет басшысының пікірінше, сонда ғана, елде жүргізіліп отырған әскери реформадан нақты нәтиже күтуге болады.

Соңғы жаңалықтар