Жарияланды: 680

Қазақстандағы әуежайларды Самұрық-Қазынаға беру керек, деп есептейді Air Аstana

Қазақстандағы әуежайларды «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) иелігіне беру керек, деп есептейді Air Аstanaәуе компаниясының президентіПитер Фостер.

«Біздің пікірімізше, Қазақстандағы әуежайлар «Самұрық-Қазына» қорының бір бөлігі болуға тиіс, сондай-ақ, әуежайларды стратегиялық басқару жөніндегі холдинг құру мүмкіндігін де қарастыру керек», - деді ол жұма күні баспасөз мәслихатында. П.Фостердің пікірінше, егер солай болып, әуежайларды үйлестірудің нақты процесі болса, Air Аstana әуе компаниясы ғана емес, жалпы азаматтық авиация мемлекеттің қажеттіліктері мен халықтың сұраныстарына сәйкес өсіп, дами алады. «Егер олай болмаса, әуе компаниялары ары қарай өсе алмайды, тасымал көлемін арттыра алмайды деген қауіп бар, сәйкесінше Қазақстан аймақтағы хаб орнынан айырылып қалады», - деді әуе компаниясының басшысы. AirAstana – ұлттық әуе тасымалдаушы, 2001 жылы тіркелген. Қазақстан үкіметі («Самұрық-Қазына» қоры) мен ВАЕ Systems компаниясы сәйкесінше 51% және 49% үлеспен иелік етеді. Бүгінгі күні Air Astana компаниясының әуе кемелерінің паркі B767-300, В757-200, А321, А320, A-319, E-190 және F50 әуе кемелерінен тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін