Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендердің бірі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендердің бірі ұсталды

Қазақстандағы ең дәулетті бизнесмендердің бірі ұсталды

Астанада танымал кәсіпкер Еркін Әмірханов ұсталды.

  • 23 Мамыр 2018
  • 253
Фото - Caravan.kz

Ол бұрын "Эксимбанк Қазақстан" АҚ-ның басқарма төрағасы қызметін атқарған. Сондай-ақ, Қазақстандағы ең дәулетті 50 адамның тізімінен түспейтін. Ол пара бермек болған деп жазады Zakon.kz.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдегендей, кәсіпкердің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары 3 мамырда басталып кеткен екен.

"2018 жылдың 3 мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаменті "Центрказэнергомонтаж" АҚ-ның бұрынғы төрағасы Е.А.Әмірхановтың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Оған ҚР Қылмыстық кодексі 253-бабының 6-тармағы бойынша айып тағылуда", — делінген ҰҚК-нің Zakon.kz тілшілеріне берген жауабында.

Әмірхановты құқық қорғаушылар 5 мамыр күні ұстап әкетіпті. Ал, 6 маусым күні Есіл аудандық соты оны 2 айға қамауға алуға шешім шығарған.

ҰҚК тергеу құпиясына байланысты кәсіпкердің кімге пара бермек болғаны жөнінде мәлімдеген жоқ.


Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді 

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты 

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді
 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар