Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.44
  • 593.15
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Қазақстандағы ең ірі екі СЭС кімнің меншігіне берілетіні белгілі болды

Шығыс Қазақстандағы екі су электр станциясы мемлекет меншігінен "Самұрық-Қазына" қорының меншігіне бірнеше шарт бойынша беріледі.

  • 6 Қаңтар 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ акцияларының төлемі ретінде "СЭС Өскемен АЭС" ЖШС және "АЭС Шүлбі СЭС" ЖШС-дегі мемлекеттік қатысу үлестерін тиісті саланың уәкілетті органының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісілген салалық оң қорытындысы болған жағдайда беру", — делінген қаулыда.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне, сондай-ақ Энергетика және Ұлттық экономика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" қорымен бірлесіп қаулыны іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.


Осыған байланысты үкіметтің шешімдеріне бірнеше өзгерістер енгізу қажет болатыны атап өтілді.