Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың бестігі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың бестігі анықталды

Қазақстандағы ең көп тараған фамилиялардың бестігі анықталды

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай Қазақстанда ең көп тараған фамилиялардың бестігін атады.

  • 10 Мамыр 2018
  • 160
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы  ҚазАқпарат жазды. Нақты сандарды Мұрат Жұманбай өзінің фейсбук парақшасында келтірген екен. «Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда ең көп таралған адамның тегі — Ахметов. Қазақстанда дәл осындай тегі бар адамдардың саны 73 627. Екінші орында — Омаровтар (45 123). Ким атаулы тегі бар адам санының үштіктен көрінуін күтпегенім шындық. Дәл осындай тегі бар Қазақстанда 42 274 адам тұрады екен. Төртінші орында Оспановтар (41 068). Бестікті жалпы саны 39 296 адамға жететін Ивановтар түйіндейді», — деп жазды ол. Бестіктен кейінгі орындарда Алиевтер — 36 084 адамды, Сүлейменовтер — 33 940 адамды, Ысқақовтар — 31 988, Әбдірахмановтар — 29 091, Ибрагимовтар — 28 755, Қалиевтар — 28 219, Садықовтар — 27 810, Ибраевтар — 26 531, Кузнецовтар — 25 990, Поповтар — 24 956, Смағұловтар — 24 005, Абдуллаевтар — 23 729, Исаевтар — 22 910, Сұлтановтар — 22 808, Юсуповтар — 22 763, Исмаиловтар — 21 392, Нұрғалиевтар- 21 133, Кәрімовтар — 20 575 адамды құрайды. «Айтпақшы, тегі Мұрат деген адамдардың саны Қазақстанда — 10 006», — деп түйді Мұрат Жұманбай.