Қазақстандағы ең танымал 10 әйел - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең танымал 10 әйел

Қазақстандағы ең танымал 10 әйел

2017 жылдағы табысты, танымал 10 қыз-келіншектің тізімі жарияланды.

  • 23 Қаңтар 2018
  • 382
Фото - Caravan.kz

Отандық қолсағат шығаратын "Tumar Kazakhstan" бренді 2017 жылдың табысты, танымал 10 әйелінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

Ондықты анықтауға әлеуметтік желіде дауыс беру арқылы қазақстандықтар да қатысқан. Былтыр толағай табысқа жеткен үздік ондық мыналар: 

— Мәдина Сәдуақасова

— Айдана Меденова

— Баян Мақсатқызы

— Ерке Есмахан

— Аша Матай

— Әсел Садуақасова

— Салтанат Бақаева

— Кәмшат Жолдыбаева

— Ләйлә Сұлтанқызы

Ондықтың былтыр атқарған жұмыстарына көз жүгіртіп көрейік. Былтыр жыл соңында Мәдина Садуақасова "Құрмет" орденімен марапатталды. Баян Мақсатқызы арты дауға айналған "Қозы Көрпеш — Баян Сұлу" сериалын түсірді, "Баян" кітабының тұсауын кесіп, еліміздің бірнеше қаласында таныстырылымын өткізді. Ерке Есмахан бір жылда екі хит ән жазып, "Қайда?"  әніне түсірілген бейнебаян 52 миллион қаралым жинады. Айдана Меденова бейнебаян түсіріп, 2016 жылы ашқан кәсібін жалғастырды. Аша Матай мен Кәмшат Жолдыбаева республикалық арналардағы ауқымды жобалардың тізгінін ұстады. Әсел Садуақасова үшін 2017 жыл расымен табысты болған секілді. Актриса былтыр 3 фильмнің, 1 сериалдың басты рөлін сомдап, продюсерлік етті. Ләйлә Сұлтанқызы, Аиша мен Салтанат Бақаеваның шығармашылығында өткен жылы айтарлық өзгеріс болмаса да ондықтың құрамында болуға лайық деп тауыпты. 

Соңғы жаңалықтар