Қазақстандағы ең жас ана - он үште - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ең жас ана - он үште

Қазақстандағы ең жас ана - он үште

2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек,  еліміз бойынша 12-15 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған.

  • 16 Қазан 2015
  • 635
Фото - Caravan.kz


Ал, Қазақстандағы ең жас ананың жасы — он үште екен. Бұл туралы бүгін Астанада қыз балалардың құқықтарын қорғау мəселелері айтылған дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-дмографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Əсия Хайруллина мəлім етті. 

"Дөңгелек үстел 11 қазан — халықаралық қыз балалар күніне орай ұйымдастырылып отыр десек те болады. Əрине, елімізде  өзге де əлеуметтік-экономикалық мəселелер жетерлік. Бірақ, бүгінде қыз балалардың тəрбиесі мен денсаулығына, олардың құқықтарын қорғауға қатысты алаңдатып жүрген мəселелерді ашып айтқым келеді", — деген ол Қазақстан бойынша кəмелет жасына толмаған екі миллионға жуық қыз бала өмір сүретінін атап өтті.
"Сараптай келе, жасөспірім қыздардың арасындағы ең көп кездесетін жəне ең ауыр мəселе — ерте жəне мəжбүрлі неке екенін анықтадық. Қазақстан бойынша жылына үш мыңнан астам қыз бала кəмелет жасына толмай тұрмыс құрады. 2015 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек,  еліміз бойынша 15-18 жас аралығында 2420 қыз баланың жүкті екені анықталған. Қазақстандағы ең жас ана  — он үш жаста", — деді ол.