Қазақстандағы Германия елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы Германия елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ

Қазақстандағы Германия елшісі кома жағдайынан әлі шыққан жоқ

Германияның Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг кома жағдайынан әлі шыққан жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстандағы Германия елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Шiлде 2004
  • 436
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өткен аптада А.Кертинг сауықтыру мақсатымен Германиядағы клиникалардың біріне ауыстырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-мамырда А.Кертинг жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барған. Сол жерде дастархан басында күтпеген жерден «аспираторный синдром» дертіне шалдыққан елші ес-түстен айрылып, кома жағдайына түсті. Бұдан кейін Жаңаөзен қаласына жеткізілген елшіге дәрігерлік көмек көрсетілген. Ал мамырдың 21-інен 22-сіне қараған түні А.Кертинг емдеу мақсатымен отанына жіберілді.
Қазір Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы істерін жауаптанған уақытша сенімді өкіл міндетін Райнер Морэль атқаруда.

Перейти к новостям спорта