Қазақстандағы ГФР елшілігі қазақстандық компаниялардың Германия аумағында өз өкілдіктерін ашуына ықпалын тигізуге әзір - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ГФР елшілігі қазақстандық компаниялардың Германия аумағында өз өкілдіктерін ашуына ықпалын тигізуге әзір

Қазақстандағы ГФР елшілігі қазақстандық компаниялардың Германия аумағында өз өкілдіктерін ашуына ықпалын тигізуге әзір

Қазақстандағы ГФР елшілігі қазақстандық компаниялардың Германия аумағында өз өкілдіктерін ашуына ықпалын тигізуге әзір. Бұл туралы Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісі Андреас Кертинг Орал қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облыстық тауар өндірушілермен кездесуде хабарлады.

  • 27 Ақпан 2004
  • 586
Фото - Caravan.kz

А.Кертингтің айтуынша, Германия Батыс Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму стрегиясын жүзеге асыруға, аймақта техносаябақтар салуға атсалысуға дайын. Германияның іскерлік өкілдері осындай ынтымақтастықты дамытуға пейіл, деді ол. «Біз үшін өңірдің қуат көздері қоры ғана емес, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі де қызығушылық тудырып отыр»,- деді елші.

Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы елшісінің аймаққа сапарының екінші күні Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің басшылығымен және студенттерімен кездесуден басталды. Сондай-ақ, бүгін, 27-ақпанда ол Орал қаласының әкімі Вениамин Мукатаевпен жүздеседі. Бұған қоса Қазақстан халықтарының кіші ассамблеясы мүшелерімен және «Хаймат» неміс мәдени-ағарту қоғамының өкілдерімен кездесулер жоспарланған. Елші неміс тілінде білім беретін Вольдорф бағытындағы мектеп-гимназияға барып, отбасылық үлгідегі балалар ауылында болады. Ал кешке қарай А.Кертинг Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімовпен кездеседі деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар