Қазақстандағы ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту тым баяу жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту тым баяу жүріп жатыр

Қазақстандағы ғимараттарды сейсмикалық жағынан күшейту тым баяу жүріп жатыр

Қазақстандағы ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін күшейту жұмыстары тым баяу жүріп жатыр, деп ТЖ министрі Владимир Божко мәлім етті.

  • 27 Мамыр 2011
  • 877
Фото - Caravan.kz

«Нысандарды сейсмикалық жағынан күшейту мәселесі екінші орында емес, бесінші-оныншы орында тұрғанын мойындауымыз керек. Сейсмикалық күшейту жұмыстары өте баяу, нашар жүргізіліп отыр. Мен бұл сөзім үшін жауап бере аламын», — деді ол сенат депутаттарының «Өңір» тобының жұма күнгі отырысында.

«Біз бір күні қиын жағдайға тап боламыз: депута мырзалар, облыс әкімдіктері мүмкіндік бола тұра (…) нысандарды сейсмикалық тұрғыдан күшейтуге қаржы бөлмегені үшін жауап береді», — деп қосты В.Божко.
Ол депутаттардан облыс бюджеттерін қараған кезде осы саланың толыққанды қаржыландырылуын қамтамасыз етуді сұрады.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде елімізде 658 мектеп, 208 аурухана, 68 бала-бақша мен 168 қоғамдық қоғамдық нысан сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
Оған қоса, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттіктің мәліметтеріне қарағанда, сейсмикалық жағынан қауіпті аймақтарда 2 мыңға жуық тұрғын үй құлау алдында тұр.

Соңғы жаңалықтар