Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл ақпаратты Грузияның сыртқы істер министрлігі растады. Елші Қазақстанда ем қабылдап жатыр.
"Ол Қазақстан дәрігерлерінің бақылауында, Грузия мамандары онымен үнемі байланыста", — деп хабарлайды министрлік өкілі.
Зураб Абашидзе Грузияның елшісі болып 2017 жылы тағайындалған.
Бұған дейін, сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын. Олармен байланыста болған кей жоғары лауазымды шенеуніктер үйінде оқшауланды.