Қазақстандағы инфляция 2010 жылы 7 - 9% деңгейіне дейін төмендейді - Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы инфляция 2010 жылы 7 - 9% деңгейіне дейін төмендейді - Сәйденов

Қазақстандағы инфляция 2010 жылы 7 - 9% деңгейіне дейін төмендейді - Сәйденов

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы инфляция 2010 жылы 7 - 9% деңгейіне дейін төмендейді. Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін үкіметтің отырысында осындай болжам айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Қараша 2008
  • 1449
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда 2008 жылы макроэкономикалық ахуалдың дамуы әлемдік экономиканың өсу қарқынының айтарлықтай бәсеңдеуі мен шикізаттың бағасы төмендеуі секілді сыртқы факторлармен айқындалады. Іскерлік белсенділіктің төмендеуі мен ақша тапшылығы секілді оқиғалар кері әсерімен қатар әлемнің көптеген елдерінде инфляциялық процесстерді баяулату факторына аяналады. Қазақстанның тұтыным нарығындағы жағдай да инфляцияның баяулай түскенін, инфляциялық қысымның қысқара бастағанын дәлелдеп отыр», — деді А. Сәйденов.

«Егер биылғы тамыз айында жылдық инфляция 20% болса, қазан айының қорытындысы бойынша ол 14%-дан аспайды», — деді ол.

«Мұндай ағым ағымдағы жылдың аяғына дейін сақталумен қатар, 2009 жылы да жалғасады. Бұл Ұлттық банкке инфляцияны жылдық есеппен 10%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұруға, 2009 жылы — 7,5 — 9,5% , ал 2010 жылы — 7 — 9%-дық дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік береді», — деді Ұлттық банк басшысы.

Оның айтуынша, бұл болжам бүгінгі күні қысқа мерзімді кезеңде инфляцияның күшеюіне алып келетін елеулі факторлардың жоқтығына негізделген. «Атап айтсақ, экономикада экономикалық өсім қарқынының баяулау ағымы байқалуда, халықтың нақты кірісі төмендеуге байланысты тұтынушылық сұраныс шектеулі күйінде қалып отыр, экономикада ақша ұсынысының өсім қарқыны мардымсыз күйінде қалып отыр», — деді А. Сәйденов.

«Осындай жағдайда бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету міндетін екінші орынға қарай жылжытуға болады, бұл Ұлттық банктің іс-қызметінің бағытын мейлінше нақты анықтай отырып, қаржылық тұрақтылықты қолдауға күш салуға мүмкіндік береді. Тиісінше, ағымдағы жылдың аяғына дейін, және 2009 жылы Ұлттық банк елдің қаржылық секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмсақ ақша-несие саясатын жүргізуді одан әрі жалғастырады», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар