Қазақстандағы инфляцияға қарсы шаралардың орта мерзімді бағдарламасын үкімет 10 мамырда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандағы инфляцияға қарсы шаралардың орта мерзімді бағдарламасын үкімет 10 мамырда қарайды

Қазақстандағы инфляцияға қарсы шаралардың орта мерзімді бағдарламасын үкімет 10 мамырда қарайды

Қазақстандағы инфляциялық процестерді реттеуге арналған орта мерзімді бағдарламаны республика үкіметі 10 мамырда қарайды. Бұл туралы бүгін, 5-мамырда үкіметтің жиналысында премьер-министр Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Мамыр 2005
  • 893
Фото - Caravan.kz

Премьердің айтуынша, мәселе инфляцияның өсімін тежеуге бағытталған кезек күттірмес шаралар туралы болып отыр. Оның айтуынша, инфляцияның өсімі құрылымында жеміс-жидек пен көкөністер, ет және ет өнімдері бағасының қымбаттауы 56 процентті құрайды.

«Жалпы тауар айналымы құрылымында тауарлардың бұл тобы 15 процентті иемденеді, соған қарамастан, жалпы инфляция өсімінің тең жартысынан астам бөлігін иемденіп отыр»,- деді Д.Ахметов.
Биылғы жылдың бастапқы үш айында тұтыным бағаларының индексіне жеміс-көкөніс өнімдерінің қымбаттауы 0,89 проценттік инфляциялық қысым түсірсе, ет және ет өнімдері 0,5 процентті құрады. Аталмыш тауар топтары бойынша баға өсімі тиісінше 20% және 4,5% болды (ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіштер 9,4% және 2,8%-ті құраған).
Аталмыш тауар түрлерінің бағасы әсіресе Шығыс Қазақстан (4,9%) , Алматы (4,2%), Астана (4,1%) және Жамбыл облысында (3,9%) артықша қымбаттады. «Басқа өңірлерде бұл көрсеткіш 1,5-3% аралығында болды»,- деді үкімет басшысы. «Азық-түлік өнімдерінің бағасы қымбаттау құбылысы тұрақты сипатқа көшті»,- деді ол. Үкімет басшысының пікірінше, «бұл көбінесе жергілікті атқарушы биліктің жұмысына байланысты».
Д.Ахметов «тұрғын үй- коммуналдық саладағы бағаның өсіміне үкімет алаңдаушылық білдірмей тұра алмайды» деп атап өтті. Бұл саладағы ең жоғарғы өсім 8,7% деңгейінде Жамбыл облысында тіркелді.
Үкімет басшысы жылдың екінші жартысында бюджеттің нақтылануына байланысты ақша массасының көлемі 100 млрд. теңгеге артатынын еске салды. Соған сәйкес барлық деңгейдегі атқарушы билік органдары инфляцияны ауыздықтауға шаралар қолдануға тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, инфляцияны ауыздықтау шаралары бірінші кезекте жеміс-жидек және көкөніс, ет және ет өнімдерін сырттан әкелуіп саудалауға, сондай-ақ, табиғи монополиялар субьектілерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталатын болады.

Перейти к новостям спорта