"Қазақстандағы "Иванов синдромы"": Желі қолданушысы билікті кеңес үкіметінің сарқыншақ әулетінен деп сынады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстандағы "Иванов синдромы"": Желі қолданушысы билікті кеңес үкіметінің сарқыншақ әулетінен деп сынады

"Қазақстандағы "Иванов синдромы"": Желі қолданушысы билікті кеңес үкіметінің сарқыншақ әулетінен деп сынады

Амантай Тойшыбайұлы есімді Facebook қолданушысы Қазақстанда мемлекеттік тіл туралы заң шықпауын "Иванов синдромымен" байланыстырды. 

  • 7 Маусым 2023
  • 230
Фото - Caravan.kz


"Иванов синдромы" жайлы айтып берген ол елді билеп отырғандар  Кеңес билігінің сарқыншақ әулетінен деп есептейтінін жеткізді, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

"1965 жылы КСРО Мәдениет министрлігінің шақыруы бойынша франциядан «Coco Chanel» модельдері Мәскеуге келді. Мәскеуліктердің аузы ашылып, көздері бақырайып қалады …
Модельдер еліне қайтар алдында қызыл алаңда кеңес әскери формасындағы адаммен суретке түсуді қалапты, бірақ бұл мүмкін емес деген жауапты естиді. Сосын модельдер «Олай болса қандай бір құқық қорғау органдарының формасындағы адам болса да болады»,- деп мәдениет министрлігіне өтініп тұрып алса керек.
Алайда, социализмді орнатушылар үшін буржуазиялық қоғамның адамымен, оның ішінде модельмен бірге суретке түсу масқара болу деп саналатындықтан суретке түсуге ешкімнің де батылы бармапты, себебі олармен бірге суретке түссе позор болатын еді, сондықтан олармен бірге суретке түсу мүмкін емес жағдай болатын.
Алайда министрліктің қысымымен жаңадан жол полициясына қызметке алынған Ивановқа жоғарыдан әскери бұйрық беріліп, суретке түсіруге шешім қабылданыпты. Ол: «Маған екі модельмен бірге фотоға түскеннен гөрі граната ұстатып неміс танкісіне қарсы жіберіңіздер»,- деп жоғарыға өтініш жолдапты. Бірақ сержант Ивановқа «Бұл Ұлы Отан атынан берілген тапсырма!»,- деген нық бұйрық беріліпті.
Ақыры сержант Ивановымыз амалсыз фотосессияға қатысып, ол аяқталғанша басынан аяғына дейін екі көзін тарс жұмып алып ашпай суретке түсе берген екен, тіптен фотосессия аяқталғаннан кейін 10 минуттай көзін ашпай тұрып алыпты. Онысы көзімді ашып қалған кезде жаман буржуазиялықтар байқатпай суретке түсіріп қоймасын деген сақтығы дейді. Осылайша біздің Ивановтың суреті тарихқа айналды, бүгінде оны тарихшылар «Иванов синдромы» деп атайды…
Иә, КСРО кезінде бүкіл кеңес халқы осындай қоғамда, осындай оймен өмір сүрген болатын …
Ленин құрған Совет үкіметі заманында 70 жыл бойы Қазақтар «Коммунизмге тек орыс тілінде ғана жетуге болады!»,- деген үстемдік құрған ұран арқылы тек тілі ғана емес, миы да орыстанған, санасы да толығымен орыстанған болатын, сол тенденция əлі сақталуда!
Тəуелсіз ел болғанына 30 жыл толғанына қарамастан, елді билеп отырған "орыс тілді" билік əлі күнге «Иванов синдромының» елесінен арылмаған Кеңес билігінің сарқыншақ әулетінен екені қазақ қоғамына жасырын емес…
Оның қарапайым бір мысалы, «ҚР-ның Мемлекеттік тіл туралы» заң шығарудан әлі күнге дейін өлердей қорқып «Ивановша көзін тас қылып жұмып алып» ашпай отыр!..", — делінген жазбада