«Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» байқауының үздіктері марапатталды
![]() |
Бүгін, 25 желтоқсанда Алматыда ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің қолдауымен |
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Журналистер одағы бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» тақырыбындағы байқаудың нәтижелері жарияланды. Онда «Үздік бейнесюжет» аталымында семейлік тілші Әлмира Құлмұхамедова («Қазақстан» телеарнасы) - бірінші, алматылық Нұргүл Қонақбаева («Хабар» телеарнасы) - екінші, талдықорғандық Гүлнара Жантасова («Жетісу» телеарнасы) үшінші орын алды.
«Үздік радиосюжет» аталымында Алматы журналисі Баян Талдыбаева (Қазақ радиосы), павлодарлық Раушан Сбанжанова мен Айнұр Бисмелдиновалар (облыстық радио) сәйкесінше 1-3 орындарды иеленді. «Мерзімді БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымында Ақтөбеден Ләззат Егібаева («Актюбинский вестник»), Қызылжардан Гүл-Гүл Түлешова («Солтүстік Қазақстан»), Алматыдан Кәмшат Сәтиева («Алаш айнасы») үздік деп танылды.
«Үздік фотожұмыс» аталымында Астанадан Александр Гончаренко («ИнфоЦес»), Алматыдан Анатолий Устиненко («Литер») сәйкесінше 1,2-ші орындар алды.
«Үздік интернет-жоба» аталымында Тараздан Шухрат Хашимов («Знамя труда»), Астанадан Гүлшат Сүйіндік (www.pm.kz), Алматыдан Кәкім Данабаев («Profinance.kz») жеңімпаз атанды.
«Ақпарат агенттіктерінің ленталарында орналастырылған үздік жарияланым» аталымында «ҚазТАГ» агенттігінің тілшісі Ақжол Сәдешотың (Алматы), «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшілері Самал Ендібаева (Ақтөбе) мен Ерлік Кебекбайдың (Алматы) жұмыстары үздік деп танылды.
Сондай-ақ 25 жасқа толмаған жас тілшілер арасындағы «Үздік дебюттік жұмыс» аталымында шымкенттік Оксана Алексееваның (Южный Казахстан») бағы жанды, ал қор жұмысын белсенді насихаттағаны үшін Алефтина Донских «Даму» қорының арнайы сыйлығын иеленді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін