«Қазіргі жағдаймен ең төменгі күнкөріс шегінің 40 процентін құрайтын ресми белгіленген кедейлік шегінің көрсеткіші дұрыс емес»,- деді Ф.Акчура. Оның айтуынша, «ең төменгі күнкөріс деңгейі адам тіршілік етуден қалатын ең төменгі деңгейді көрсетуі тиіс». Осыған байланысты «кедейлік шегі бұл деңгейдің 40 процентін құрауға тиіс емес, керісінше, ол төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары болуы тиіс»,- деді БҰҰ Даму бағдарламасының өкілі.
«Қазір біз ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып Қазақстандағы кедейлік көрсеткіштерін қайтадан қарап жатырмыз»,- деді Ф.Акчура.