Қазақстандағы кеден бекеттерінде ветеринарлық полиция құрылады
2013 жылдың бірінші тоқсанында Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметі Ауыл шаруашылық министрлігінің құзырынан алынып, кеден органдарына беріледі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Тен мәлім етті. |
«Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметін кеден органдарына беріп, ІІМ жүйесінде ветеринарлық полиция қызметін құру қажеттігі туралы айтылып жүр. Қазір осы мәселе жүзеге асырылып жатыр, полиция келер жылдың бірінші тоқсанында құрылады», - деді ол дүйсенбі күні өткен «дөңгелек үстелде».
Бұл үкіметтің 2012 жылы 24-қазандағы тапсырмасы негізінде жүзеге асырылып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін