Палата бұл шешімді толық құрамда мақұлдады. Отырысқа мәжілістің 67 депутаты қатысты.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, кезекті президент сайлауының мерзімін жариялау — мәжілістің құзыретіндегі іс. Сайлау қыркүйектің екінші жексенбісіне дейін жариялануға тиіс. Ал Қазақстандағы президент сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі.
Ел Конституциясына сәйкес Қазақстан президенті тікелей бүкілхалықтық сайлауда 7 жылға сайланады. Соңғы президент сайлауы 1999-жылдың қаңтар айында өткізілді. Қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа президенттік мерзімге ат ұсынатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті