Қазан айында Қазақстанның банк секторының басқа да негізгі көрсеткіштерінің өсімі байқалды. Мәселен, коммерциялық банктердің жиынтық жалпы капиталы бір айда 8,8 млрд. теңгеге немесе 2,8 процентке өсіп, 320 млрд. теңгені құрады.
Банктердің несиелік қоржыны банкаралық несиелерді қосқанда наурыз айында 4,2 процентке немесе 65,7 млрд. теңгеге өсіп, 1,6 трлн. теңгеге жетті. Банктердің несиелік қоржынының сапасы айтарлықтай өзгере қойған жоқ, бұрынғыдай тәуекел деңгейі жоғары. Соның ішінде стандартқа сай келетін кредиттер үлесі 56,3%-ті, күмәнді кредиттер 41,2%-ті, үмітсізі — 2,5%-ті құрады.
Банктердің заңды және жеке тұлғалардан тартқан салымдарының жалпы көлемі өткен аймен салыстырғанда 3,6%-ке ұлғайып, 1,3 трлн. теңге болды.
Қазақстандағы екінші деңгейлі коммерциялық банктердің жалпы кірісі 254 млрд. теңге болды. 2003-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда кірістердің өсімі 40 проценттен асты. Сонымен бірге банк секторының шығындары мен орны толықтырылмайтын шығындары тиісінше 39,8 процентке және 47,4 процентке артты.